Ауа райы
1 мин оқу 371
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» синоптиктері 18, 19 және 20 мамырға арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Оңтүстік циклон әсерінен барлық аумақта найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
«Жауған жаңбыр ауа температурасының төмендеуіне себеп болады: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда 15-23 градусқа дейін, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар 15-23 градусқа дейін көтеріледі», дейді метеорологтар.
Бөлісу: