Спорт
1 мин оқу 130
Қазақстан садақшылары Оңтүстік Кореяға аттанады
<p style="text-align: justify;">Садақ атудан Қазақстан командасы олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Артем Кичкин жаттықтыратын команда 18 мамырға дейін дайындықтарын жалғастырып, содан кейін әлем кубогіне қатысу үшін Оңтүстік Кореяға аттанады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Байрақты бәсекеде бақ сынайтын Қазақстан садақшыларының тізімі:
- Ильфат Абдуллин;
- Александр Еременко;
- Дәулеткелді Жаңбырбай;
- Денис Ганькин;
- Алина Ілиясова;
- Елизавета Авдеева;
- Диана Тұрсынбек;
- Сабира Жұмағұлова.
Айта кетсек, Оңтүстік Кореядағы турнир осы айдың 20-26 күндері өтеді деп жоспарланған.
Бөлісу: