ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
<p style="text-align: justify;">2024 жылдың 18 мамырында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды», деп жазылған мәлімдемеде.
Сонымен қатар Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
«Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр», деп хабарлады ведомстводан.