Аймақтар
1 мин оқу 210
Жарсуат, Құрылыс ауылдары бөгеттеріне Жайық суы келді
<p style="text-align: justify;">Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке келіп тұр. Әйтсе де, Индер ауданындағы аталған қауіпті аумақтарда ахуал тұрақты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.</p>

Бөгеттердің жарылып, су кету деректері тіркелмеді.
Аталған ауылдарда әскери қызметкерлерді және ТЖД мамандарын қоса алғанда, 186 адам жағалауда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. 5 ауыр техника да бар.

Айта кетсек, Жарсуатта 6,9 шақырым, Құрылыс ауылында 5,6 шақырым бөгет соғылған.
Бөлісу: