Аймақтар
1 мин оқу 160

Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды

<p style="text-align: justify;">Құлсары қаласының су басқан аулаларынан 10 тоннадан астам қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылған. &laquo;Жылыой Тазалық ЖШС учаскесінің бастығы Асқар Теміржан айтып өткендей, аталған мекеме қызметкерлері су басқан үйлерден күніне 1,7 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтарды шығарып отыр, &nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.</p>

Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды

ТЖ режимін жою бойынша жұмыстар шеңберінде Құлсары тұрғындары үйлерінен бүлінген мүліктерді әкету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

«Күніне көшелерден 1,7 тоннаға дейін қоқыс жиналады. Міндетіміз – үйлер мен аулаларды қоқыстардан тез арада тазарту. Осылайша, тұрғындар жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйлерін ретке келтіре алуына жағдай жасау»,  дейді Асқар Теміржан.

Қоқыстарды жинау және шығару жұмыстарына 17 арнайы техника, 5 жүк тиегіш, «Жылыой Тазалық» ЖШС-нің 38 қызметкері жұмылдырылды. Бес бригада күн сайын таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеп жатыр.

Атырау ТЖ штабы

Бөлісу:
Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар