Ұлттық спорт
1 мин оқу 180

Қазақстанда алғаш рет «Мектеп барысы» өтті

<p style="text-align: justify;">Елімізде тұңғыш рет оқушылар арасында ұйымдастырылған &laquo;Мектеп барысы&raquo; жобасы мәресіне жетті. Талдықорғанда өткен тартысқа толы додаға қаланың 27 мектебінен іріктеліп шыққан үздік балуандар &laquo;Мектеп барысы&raquo; атағы үшін белдесіп, өзара мықтыны анықтады. Қала әкімі Ернат Бәзіл осындай тың жобаларды қолдайтынын айтып өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қазақстанда алғаш рет «Мектеп барысы» өтті

Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, соңғы кезеңде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген №12 орта мектебінің оқушысы Бақытбек Исажан тұңғыш «Мектеп барысы» атанды.

Жүлделі ІІ орын №29 орта мектебінің оқушысы 13 жастағы ең жас балуан Қоғайбек Бекзатқа бұйырса, III орынды №4 орта мектептің оқушысы Мүсәлім Нұрәлі қанағат тұтты.

Ал белдесуде ерекше көзге түскен балуандар ынталандыру сыйлықтарын алды.

Талдықорған әкімдігі

Бөлісу:
Қазақстанда алғаш рет «Мектеп барысы» өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар