Заң
1 мин оқу 140

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары 8,5 жылға сотталды

<p style="text-align: justify;">2023 жылдың 20 шілдесінде&nbsp;жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары 8,5 жылға сотталды

Мақсұт Исаховқа қатысты іс Қылмыстық кодекстің 367-бабы 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде пара беру») бойынша қаралды.

Айыпталушы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқара жүріп, Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігінің 3) тармағымен Шымкент қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде әкімшіліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған іс бойынша Шымкент қаласы бойынша ҰҚК департаментінің бірінші орынбасары С-ға істі қысқарту үшін 200 мың доллар көлемінде пара беруге оқталған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мақсұт Исаховтың кінәсі куәгерлердің жауабы, сараптамалардың қорытындысы және іс-қағаздармен дәлелденді.

«Сот Мақсұт Исаховты аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деген айып бойынша кінәлі деп тауып, Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлігі, 56-бабы 3-бөлігін қолданып, мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 8 жыл 5 ай 7 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», делінген қалалық сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Істі қарау барысында әкімнің бұрынғы орынбасарын «Құрмет» орденінен айыру ұсынысы да енгізілді.

Бөлісу: