Қоғам
1 мин оқу 942

Бірнеше жолда Zerek-2 камералары қосылды

<p style="text-align: justify;">20-дан астам жаңа камера жылдамдық асырған жүргізушілер туралы ақпараттарды жібере бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;аlmaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Бірнеше жолда Zerek-2 камералары қосылды

Бүгіннен бастап 21 «Zerek-2» аппараттық-бағдарламалық кешені мына жолдарда штаттық режимде жұмыс істейді: Павлодар – Қалбатау, Бейнеу – Ақжігіт, Орал – Самара, Павлодар – Омск, Орал – Саратов.

Жылдамдық асырған жүргізуші туралы ақпаратты камера әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне жібереді.

Айта кетсек, осыдан бір жыл бұрын тура осындай бейнебақылау жүйесі Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қонаев – Талдықорған, Астана – Павлодар тасжолдарында жұмыс істей бастады. Мәжілісмендер полицияға көліктің орташа жылдамдығын анықтауға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Бөлісу: