Павлодарда заңсыз есірткі өндірушілер ұсталды (видео)
<p style="text-align: justify;">2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бүркіт» ЖСН және прокуратура органдарының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткі өндіретін ірі жасырын орынды анықтады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Павлодар қаласындағы саяжай алабы аумағындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам «мефедрон», 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.
Тәркіленген есірткі құны «Қара нарықта» - 4,2 млрд теңгені құраса, ал көлемі 680 мың дозадан асады.
Заңсыз іс-әрекетке байланысты қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

