Аймақтар
1 мин оқу 260
Атырау облысының аумағында үлкен шұңқыр пайда болған
<p>Атырау облысының аумағында, далалы жерде үлкен шұңқыр пайда болған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлеуметтік желіде осы нысанның видеосы тарап жатыр. AtyrauPress мәліметінше, бұл Махамбет ауданының қырлы аймағында, дәлірек айтқанда, Бейбарыс ауылына жақын тұста пайда болған.
- Мынадай шұңқыр пайда болыпты. Сақ болып жүріңдер, байқамай қалмаңдар, - дейді видеода ер адам.
Кадрлардан шұңқырдың іші суға толы екені көрінеді.
- Шұңқырдың диаметрі 10 метрден де асып кетеді. Бұл жер жекеменшік мекеменің иелігінде екен. Ал жақын маңда бейіт орналасқан. Жергілікті әкімдік бұл аумаққа тиісті мамандар жіберілетінін жеткізді, - деп жазылған жергілікті басылым мәліметінде.
Бөлісу: