Жәдігер
1 мин оқу 240

1941 жылғы әдебиет хрестоматиясы

<p style="text-align: justify;">Бұқар жырау музейіне қарапайым ауыл тұрғыны 1941 жылы жарық көрген &laquo;Qazaq әdebietj&raquo; (Қазақ әдебиеті) хрестоматиясын тапсырды. Латын қарпіндегі бұл оқу құралы орта мектептің 9-сыныбына арнап шығарылған екен.</p>

1941 жылғы әдебиет хрестоматиясы

Көне оқулық Алматы қала­сындағы қазақтың біріккен мемлекеттік баспасынан шыққан. Құрас­тырушысы – әде­биет зерт­теушісі, кейін филология ғы­лы­мы­ның докторы, Ұлттық ғылым ака­демиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері болған Есма­ғамбет Ысмайылов.

Бұл кітап-оқулықтың ерекшелігі – мұнда кеңес заманының алғашқы жылдары шығармашылығына тыйым салынып, есімдерін ел айтуға қорыққан тұлғаларымыздың әдеби дүниелері жарық көрген.

ь

Хрестоматияда Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Шәңгерей Бөкеев, Ақан сері Қорам­саұлы, Нармамбет Ормам­бетұлы, Нұржан Наушабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Ғұмар Қараш, Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ығылман Шө­реков, тағы басқа әде­биет өкілдерінің, жалпы саны 20 ақын-жазушының шығармалары басылған.

Жәдігер-кітапты музейге Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылының тұрғыны, зейнеткер Нұраш Бейсембаева тапсырды. Нұраш Мұқажанқызының айтуынша, хрестоматияны ауылдық мек­тепте ұзақ жылдар ұстаздық еткен Жүсіп Төлеутеміров атты ел ағасы сақтап келіпті. Кейін мектеп күрделі жөндеуден өткен уақытта ескі оқулықтар арасынан табылған.

Павлодар облысы 

Бөлісу:
1941 жылғы әдебиет хрестоматиясы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар