Аймақтар
1 мин оқу 142
Құлсарыдағы бейбіт жиналыс аяқталды
<p style="text-align: justify;">Жылыой ауданы әкімдігі Құлсары қаласы тұрғындарына зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарағаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жылыой ауданы әкімдігінің хабарлауынша алдағы уақытта өте маңызды қалпына келтіру жұмыстары тұр.
Қала алаңы қалыпты өмірге оралды, бейбіт жиналысқа қатысушылардың шатырлары жиналды. Барлық қоғамдық орындар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Қалада зардап шеккен тұрғындарды залалды бағалау нәтижелерімен таныстыру бойынша мобильді топтардың жұмысы жалғастырылып отыр.
Құлсарылықтарға №20 қалалық мектеп базасында және 109 нөмірі бойынша байланыс орталығы арқылы үздіксіз консультативтік қолдау көрсетіліп келеді.
Бағалау нәтижелерімен келіскен қала тұрғындары мен әкімдік арасында шарттарға қол қою жергілікті Мәдениет үйінде жалғасын тауып жатыр.
Бөлісу: