Аймақтар
1 мин оқу 105

ШҚО-да заңсыз балық аулағандар анықталды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы полицейлері &laquo;Нерест&raquo; жедел профилактикалық іс-шара барысында Ұлан ауданы тұрғындарын анықтады. Заңсыз балық аулағандары үшін жауапкершілікке тартылған құқық бұзушылар 10 және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО-да заңсыз балық аулағандар анықталды

Көлік жүк салғышынан 20 келіден астам ақжелкен және 2 келі көксерке балығы табылып, тәркіленген.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, аталған заңсыз іс балық аулауға арналмаған жерде, сондай-ақ ЖПІШ кезеңінде жасалған.

Айта кетсек, ЖПІШ барысында және балық ресурстарын көбейту кезеңінде 16 сәуірден 30 мамырға дейін аталған облыста балық аулауға тыйым салынған еді.

Бөлісу:
ШҚО-да заңсыз балық аулағандар анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар