23 мамырға арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің болжамы бойынша, 23 мамырда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Еліміздің солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, түнгі сағаттарда Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.