Бокс
1 мин оқу 290
Париж-2024: Қазақ боксшылары соңғы жолдамаларды сарапқа салады
<p style="text-align: justify;">24 мамыр - 2 маусым аралығында Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан Париж Олимпиадасына жолдама үлестірілетін соңғы турнир өтеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әзірге Қазақстан ерлер командасында 63, 5 кг салмақ дәрежесінде лицензия қоржынға түспеді. Бангкоктағы бәсекеде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы осы салмақта жолдама жолында шаршы алаңға шығады.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлының салмағында 5 жолдама қарастырылған. Жартылай финалға өткен 4 боксшыға лицензия беріліп, 1/4 финалда жеңілген спортшылар өзара қосымша жекпе-жек өткізеді.
Әйелдер командасы:
- 50 келі. Назым Қызайбай;
- 54 келі. Ұлжан Сәрсенбек;
- 60 келі. Римма Волосенко;
- 66 келі. Наталья Богданова;
- 75 келі. Валентина Хальзова.
Бөлісу:
