Заң
1 мин оқу 240
Әзілкеш 15 тәулікке қамалды
<p style="text-align: justify;">Жоғарғы сот стендап-әзілкештің ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айыпталушы ойын-сауық мекемесінде өнер көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Ол кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.
«Сот айыпталушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», делінген Жоғарғы сот хабарламасында.
Бөлісу: