Аймақтар
1 мин оқу 140
Ақмола облысындағы ауылды су басып қалды
<p style="text-align: justify;">Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағы су астында қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағы су астында қалды», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су айдау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бөлісу: