Ауа райы
1 мин оқу 182

Бүгін елімізде суық ауа райы сақталады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 27 мамырда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Бүгін елімізде суық ауа райы сақталады

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн райына циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар әсер етеді. Соған байланысты түнде жауын-шашын болып, елдің шығысында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, солтүстікте, орталықта бұршақ жаууы мүмкін, түнде оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Түнде Ақмола, Қарағандының батысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Түркістан облыстарының таулы аудандарында 1-2 градус үсік жүреді.

Қостанайдың оңтүстігінде, батысында, Атыраудың оңтүстігінде, Қызылорданың шығысында, Батыс Қазақстан облыстарының батысында, оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аймақтарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу:
Бүгін елімізде суық ауа райы сақталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар