Оқиға
1 мин оқу 194

Алматыда туристер мінген автобус аударылды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының Кеген ауданында жол апаты болып, салдарынан 13 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Алматыда туристер мінген автобус аударылды

Облыс әкімдігінің  мәліметі бойынша, 27 мамыр күні сағат 10:20-да «ҚазАвтоЖол» желісіне қарасты «Аласа» асуындағы күрделі жол бұрылысында автобус жолдан шығып кеткені белгілі болды.

«Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді», делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Алматыда туристер мінген автобус аударылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар