Қаржы
1 мин оқу 260

Қазақстанда темекі қымбаттайды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда сүзгісі бар, сүзгісі жоқ сигареттерге, папиростарға белгіленген ең төменгі бөлшек сауда бағасы қымбаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда темекі қымбаттайды

Қаржы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2024 жылдың соңына дейін сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 сигаретке, папиросқа, сигариллаға және электронды темекілерге ең төменгі сауда бағасын 820 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылды. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бағаны 870 теңгеге дейін белгілеу көзделеді.

Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады. 

Бөлісу: