Спорт
1 мин оқу 116

Жолдама саны 54-ке жетті

<p style="text-align: justify;">Стенд атудың скит түрі бойынша жаңартылған әлемдік рейтингте Әсем Орынбай бірінші орынға көтерілді. Осы нәтиженің арқасында қазақтың құралайды көзге атқан мерген қызы Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті.</p>

Жолдама саны  54-ке жетті

Қазіргі кезде Олим­пия ойындарына қа­тысатын спортшы­ла­рымыздың саны 54-ке жетті. Әсем Орынбайдан бөлек, төрт­жылдықтың басты додасына елі­міздің тағы екі стенд атушысы аттанатынын да естеріңізге сала кетейік. Бұған дейін ондай құр­метке Мария Дмитриенко (трап) мен Эдуард Ещенко (скит) бөленген еді.

Дәл сондай мүмкіндік спорт­тық гимнасшы Аида Бауыр­жанова да болды. Әйелдер арасында Ташкентте өткен Азия чемпионатында ол еркін жаттығу бойынша табысты өнер көрсетіп, қола медальды иеленді. Бұған дейін бірде-бір бұрымдымыз сары құрлықтың басты додасында осындай көрсеткішке қол жеткізген жоқ еді. Сол себепті де мұны тарихи жүлде деп бағаласақ та болады. Бірақ басты бәсеке көпсайыс еді. Өзбекстанның ас­танасында дәл сол жарыстың қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының соңғы жолдамасы сарапқа салынды. Өк­ініш­ке қарай, бұл бәсекеде Бауыр­жанованың бағы жанбады. 50,699 ұпай жиған ол төртінші орында қалып қойды. Бұл додада алғаш­қы үш орынды қытайлық Цзиа­фей Ху (50,699 ұпай) мен Синуй Цин (50,566) және филиппиндік Эмма Малабуйо (50,398) иеленді.

Бұл күндері Бангкокта бокс­тан іріктеу турнирі өтіп жатыр. Алда басқа да спорт түлерінен та­ғы бірнеше ірі дода бар. Со­лардың арасынан жеңіл атлеттерге үлкен үміт артып отырмыз. Таяу күндері дзюдошылардың рей­тингі жаңартылады. Сол жа­рыстардың нәтижесі бойынша тағы бірнеше спортшымыз Олимпия ойындарының жолдамасын иеленетіні анық.

Бөлісу:
Жолдама саны 54-ке жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар