Бокс
1 мин оқу 75

Қызайбайдың қарқыны қуантты

<p style="text-align: justify;">Таиландтың астанасы Бангкокта шы&shy;мылдығы түрілген халықаралық тур&shy;нирде еліміздің екі боксшысы шар&shy;шы алаңға шығып, екеуі де же&shy;ңіске жетті. Бұл жарыста Олим&shy;пия ойын&shy;дарының жолдамалары сарапқа салынатынын естеріңізге сала кетейік.</p>

Қызайбайдың қарқыны қуантты

Жарысты 50 кг салмақтағы Назым Қызайбай бастады. Әлемнің екі дүркін чемпионы тұсаукесер кездесуін өзінің атағына сай өткізді. Ол жас­тар арасындағы Еуропа біріншілігінің

(U-22) екі мәрте қола жүлдегері словакиялық Николь Дуриковамен күш сынасты. Бәсеке барысында Назым қарсыласын екі рет нок­даунға жібергеннен кейін төрешінің бәсе­кені тоқтатудан басқа амалы қалмады. Тех­никалық нокаут.

Келесі күні Мұхаммедсабыр Базарбайұлы рингке көтерілді. Ол Кристиан Лаурентемен айқасты. Филиппиндік былғары қолғап шебері 2018 жылы жастардың әлем бірін­шілігінде қола медальды иеленді. Со­ны­мен қатар ол кәсіпқойлар арасында 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бірақ бұл жағдай Мұхамедсабырды еш алаң­датқан жоқ. Үш раунд бойы еркін ойқастаған қандасымыз Лаурентені ұпай санымен ұтты. Енді Базарбайұлы 1/16 финалда түркиялық Мизан Айқолмен айқасады.

Кеше Римма Волосенко (60 кг) гер­ма­ниялық Мария Ганглбауермен және Вален­­тина Хальзова (75 кг) украиналық Каролина Махномен қолғап түйістірді. Бүгін Ұлжан Сәрсенбек (54 кг) америкалық Шэра Мэй Патрисиомен айқасса, ертең Наталья Богданова Еуропа чемпионы, сербиялық Кристина Кулуховамен күш сынасады.

Бөлісу:
Қызайбайдың қарқыны қуантты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар