Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының өкімімен Шархан Тұрсынбаев аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Шархан Шаймерденұлы Тұрсынбаев 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Қазақстан халықтар достығы университетін бітірген.
Кәсіби еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман болып бастады. Одан кейінгі жылдары Әуезов және Наурызбай аудандары әкімдері аппаратында түрлі қызметтер атқарды.
2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2019 жылдан осы уақытқа дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы, орынбасары болып еңбек етті.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті