Оқиға
1 мин оқу 204

Ақтөбеде жаппай төбелес болып, бір жігіт көз жұмды

<p style="text-align: justify;">27 мамырдан 28 мамырға қараған түні Ақтөбеде жаппай төбелес болып, 9 жігіт аурухана жеткізілді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтөбеде жаппай төбелес болып, бір жігіт көз жұмды

Бірнеше жерден пышақ және оқ жарақатын алған 18 жастағы тұрғын жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Түнде Жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілген өзге 18-22 жас аралығындағы жігіттер де пышақ және оқ жарақаттарын алған.

Қалалық полиция басқармасы осы іске қатысы бар деген 4 күдіктіні ұстады.

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Адам өлтіру», «Бұзақылық» деректері бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», деді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Бөлісу:
Ақтөбеде жаппай төбелес болып, бір жігіт көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар