Оқиға
1 мин оқу 2,262

«Инкассатор көлігін әдейі соққан». Қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

<p style="text-align: justify;">2020 жылдың мамыр айында Қарағандыда инкассатор машинасын әдейі соғып, ақша ұрлап кеткен қылмыстық топтың төртінші мүшесі ұсталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

«Инкассатор көлігін әдейі соққан». Қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

Қылмыстық топқа 4 адам мүше болған. Олар көліктен 70 миллион теңге мен қаруларын алып, оқиға орнынан іздерін суытқан еді.

Сол кезде криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті ұсталып, олардан 30 миллион теңге ақша тәркіленген еді. Ал төртінші күдікті қашып кеткен еді. 38 жастағы қылмыскер Алматы облысында қолға түсті. Сот барысында алдын ұсталған 3 қылмыскер әрекеттерін мойындамай, кінәні қашып кеткен адамға аудармақ болған еді. Олар 10 жылдан 11,3 жылға дейін сотталды.

Төртінші күдікті 4 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылады.

дд

Бөлісу:
«Инкассатор көлігін әдейі соққан». Қылмыстық топтың мүшесі ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар