Аймақтар
1 мин оқу 270

Жетісу облысында 6 жаңа су қоймасы салынып жатыр

<p style="text-align: justify;">Жетісу облысы бойынша &laquo;Қазсушар&raquo; филиалы Ақсу, Алакөл, Панфилов, Көксу, Ескелді аудандарында 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Жетісу облысында 6 жаңа су қоймасы салынып жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, бұл – сумен қамтамасыз етілген егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуға және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта филиал қарамағында 4 су қоймасы бар.

Ал Қаратал ауданында суару каналдарын жөндеу жұмыстары жалғастырылып жатыр, мәселен Күшік-қалпе магистральдық каналында ұзындығы 7 шақырым учаске механикалық әдіспен тазаланып, бетондау, дәнекерлеу жұмыстары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстар мен гидробекеттерді жөндеу жүргізілді.

gov.kz

Бөлісу: