Заңсыз электронды темекі сатқан алматылық жауапқа тартылды
<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг агенттігі электронды темекіні ірі мөлшерде сатқандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы қаласының екі тұрғыны ірі мөлшердегі электронды темекіні көтерме саудаға шығарған.
Бұған дейін Алматы қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 55 мыңнан астам электрондық темекі табылып, тәркіленген сауда және қойма үй-жайлары анықталған еді.
Сот үкімімен Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, олардың біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза, ал екіншісіне 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды.