Есірткі таратқан 8 интернет-ресурс бұғатталды
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 аудандық соты есірткі заттарын таратқан интернет-ресурстардың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сотпен анықталғаны, «Telegram» мессенджері мен «Instagram» әлеуметтік желісіндегі бірқатар парақша арқылы есірткіні SMS арқылы сатып алуға болатын сайттарға сілтемелер таратылған.
Сатып алу нұсқаулары бар интернет-ресурстарда тыйым салынған заттар туралы ақпарат ұсынылған. Сонымен қатар есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын республика аумағында тұтынушыларға тарату мүмкіндігі қарастырылған.
«Сот уәкілетті органның талап қоюы бойынша аталған интернет-ресурстарда ақпарат тарату заңсыз деп танып, олардың қызметін тоқтатты. Соттың шешімі заңды күшіне енді», делінген ведомство хабарламасында.