Ауа райы
1 мин оқу 280

Жаздың алғашқы күні ауа райы қандай болады?

<div class="description" style="text-align: justify;">Синоптиктер көктем айының соңғы күндері мен жаздың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Жаздың алғашқы күні ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мәліметіне көз жүгіртсек, алдағы үш тәулікте солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта, 1 маусымда республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.

«Қазақстанның оңтүстігінде жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтайды. 31 мамырда солтүстік-батыста, 31 мамыр-1 маусымда солтүстікте, 1 маусымда елдің шығысында, күндіз республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі», деді мамандар. 

Республиканың батысында, оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С дейін, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында +15+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +22+27°С дейін, шығыс аймақтарда +10+20°С дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Бөлісу: