Көрме
1 мин оқу 75

АҚШ-та асық ойнаған...

<p style="text-align: justify;">АҚШ-та қазақ этномұражай-көрмесі ашылып, шетте жүрген барша жерлесіміз ұлттық мұраларды көзбен көріп, қолмен ұстады. Мәдени іс-шараны Нью-Йорктегі кәсіпкер қазақ азаматы Назар Әли Бименов ұйымдастырған. Көрме енді Бруклин ауданында тұрақты өтіп тұрмақ. Ал бұл жолы алғашқы күні адам көп жиналатындықтан, ұйымдастырушылар этномұражайдың ашылу салтанатын Бруклиндегі саябақта өткізген.</p>

АҚШ-та асық ойнаған...

Игі бастаманы қолға алып, көрмені ұй­­ым­­дастырған, өз қар­­­­жысына елімізден экс­по­нат­тарды алдырған – Назар Әли Бименов. Кәсіпкер қазақтың бай мәдениетін бүкіл Америкаға таныстырғысы келеді.

«Нью-Йорк қаласында енді тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Қазір керекті іс-шаралар ат­қа­ры­лып жатыр. Ал АҚШ-ты ара­лап, өңір-өңірге арнап өз ша­руа­шылығымнан екі спринтер кө­лігін бөлдім. Яғни жылжымалы-көшпелі мұражай болады. Қазір этно­мұражай қорында қазақтың салт-дәстүріне қатысты, тұр­мыс тіршілігінде қолданған көптеген жәдігер жиналған. Ер­тоқым, қамшы, садақ, ас­тау, кесе, қымыз пісетін күбі бар. Тіпті XIX ғасырдағы кел­сап­ты да алдырдық», дейді ұйым­дастырушы.

«Көрмеге келген жастар өз­дері білмейтін заттардың атын сұ­рап жатыр. Мұнда біраз жә­дігер жиналған. Көне аспаптар да бар. Жетіген, қо­быз... Осын­да туған қазақ балалар: «Мы­намен қалай ойнайды?», деп асықтарды да, қызықтап көріп, ойнап жатыр. Сондықтан бұл мақтануға тұрарлық іс деп ойлаймын», дейді Нью-Йорк тұрғыны Нә­сіп Хазиева.

Этномұражай алдағы уа­қыт­та да жаңа жәдігерлермен то­лық­тырылмақ. Мәселен, көрмеде су­ве­нир киіз үй тұр, болашақта ел­ден алты қанатты шын қазақ үйді алдырту жос­пары бар.

Бөлісу:
АҚШ-та асық ойнаған... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар