Оқиға
1 мин оқу 140
Ақтауда жеңіл көлік өртке оранды
<p style="text-align: justify;">Өртеніп жатқан көлікті қасынан өтіп бара жатқан жүргізуші түсіріп алған. Видеода көліктің өзінен бөлек, бордюрде өртті бақылап отырған адам көрінеді. Желі қолданушылары оны өртенген көліктің иесі деп болжады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 29 мамыр күні болғанын хабарлады. Оларға қоңырау сағат 07:40-та түсті.
«Өрт 33-ші шағын аудандағы жолда болды. 101 пультіне Daewoo Nexia өрті туралы ақпарат келіп түсті, машинада көлемі 50 литр газ баллоны орнатылған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 07:56-да толығымен жойылды», деді баспасөз қызметі.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті
Бөлісу: