Кітапхана
1 мин оқу 170

Әдеби байланыс нығая түседі

<p style="text-align: justify;">Астанадағы академиялық ұлттық кітапханада армян әде&shy;биеті бұрышының ашылу салтанаты өтті. Мәдени мәжі&shy;ліс&shy;ке еліміздің зиялылары, Армения Республикасының Қазақ&shy;стан&shy;дағы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондян арнайы қатысты.</p>

Әдеби байланыс нығая түседі

Алғашқы болып сөз алған кітапхана директорының орынбасары Нұржан Жол­ды­балин іс-шараның мәдени маңызы мен қазақ-армян арасындағы достық байланысты ерекше атап өтті. Жиынның екі ел әдебиетінің рухани ынтымақтастығына оң әсерін тигізетінін жеткізді.

Арменияның Қазақстан­да­ғы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондян: «Кітапхана ішінде ашылған бұл бұрыш армян тілі мен­ әдебиеті мұраларына те­рең үңілуге мүм­­­­кін­дік бере­ді. Қазіргі күні Еги­ше Ча­ренц, Уильям Сароян, Ога­нес Туманян шығар­ма­лары қазақ тіліне аударыл­ған бол­са, қа­зақтың ұлы ойшыл­ ақыны Абай Құ­нан­байұлы­ның өлең­дері армян тіліне тәржімелен­­ген. Алдағы уа­қытта екі халық ақын-жазу­шыларының туындыларын аудару ісі жал­ғаса бере­­тіні сөзсіз», дей отырып, Армения­ның мәде­ниетін, тарихын, дәстүрі мен қазіргі даму барысын бе­дер­­лей­тін 113 кітапты кітапхана қо­ры­­на тапсырды.

Басқосуда армян әліпбиі мен көне жазбалары туралы деректі фильм көрермен назарына ұсынылды. Жастар өнер көрсетіп, қазақ, армян тілдерінде өлең оқыды.

 

Томирис БАЙҒАБЫЛ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Бөлісу: