Қоғам
1 мин оқу 80

Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды

<p style="text-align: justify;">Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты &laquo;Әскерилендірілген теміржол күзеті&raquo; ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды

Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге сомасына ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған.

Сондай-ақ Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар