Оқиға
1 мин оқу 183

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Жер сілкінісі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.</p>

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Жерасты дүмпулері Астана уақытымен 10:13-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Бішкектен солтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің күші 4,4 балды құрады. Қазақстан аумағында сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда ауқымды сейсмикалық дайындық жұмыстары жүргізілетіні хабарланған. «Жер-2024» оқу-жаттығулары 3 және 4 маусымда Алматы, Шымкент, Абай және Жетісу облыстарында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында өтеді. Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан.

Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар