Аймақтар
1 мин оқу 564

Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейі төмендеді. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай бойынша жедел штабы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді

31 мамырда, сағат 08:00-дегі есептеулер бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі:

Индербор кен орнында 3 сантиметрге төмендеді, су деңгейі 951 сантиметр, сыни деңгей - 845 сантиметр.

Махамбет ауылында 2 сантиметрге төмендеді, су деңгейі - 1014 сантиметр, сыни деңгей - 850 сантиметр.

Атырауда өзгеріссіз, су деңгейі - 600 сантиметр, сыни деңгей - 550 сантиметр.

Жаңаталап ауылында 1 сантиметрге көтерілді, су деңгейі - 432 сантиметр, сыни деңгей - 500 сантиметр.

Еркінқала ауылында 1 сантиметрге көтерілді, су деңгейі - 389 сантиметр, сыни деңгей - 450 сантиметр.

Ерлан КИІКБАЙ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу: