Саясат
1 мин оқу 153

Ортақ іске арналған отырыс

<p style="text-align: justify;">Беларусь астанасы Минск қала&shy;сында екі ел Үкімет басшы&shy;лары&shy;&shy;ның бірінші орынбасарлары Роман Скляр мен Николай Сноп&shy;ков&shy;тың төрағалығымен сауда-эко&shy;но&shy;ми&shy;ка&shy;лық ынты&shy;мақтастық жөнін&shy;&shy;&shy;дегі Қазақ&shy;стан-Беларусь Үкімет&shy;ара&shy;лық комис&shy;сиясының 18-оты&shy;рысы болды.</p>

Ортақ іске арналған отырыс

Іс-шараға екі елдің жауапты мемле­кет­тік органдарының өкілдері қатысты. Нәти­же­сінде, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, білім және ғылым сияқты негізгі сала­лардағы ынтымақтастық үшін жаңа мүм­кін­діктер ашатын хаттамаға қол қойылды.

Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіптік коо­­перацияны одан әрі нығайтудың үлкен әле­­уетіне ие болғандықтан, өнеркәсіп сала­­сын­дағы өзара іс-қимылға ерекше назар ауда­­рыл­ды. Екі ел экономикасы үшін ма­­ңызды саналатын көлік және құ­ры­лыс са­­ла­­сындағы бірлескен жобалар да ай­қын­­­далды.

Білім және ғылым саласындағы бірлес­кен­­­­ жұ­мыс жас ғалымдар мен мамандар үші­н­ жаңа мүм­кіндіктер ашады. Тәжірибе мен­­ ин­но­­­ва­­циялық идеялар алмасуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Ортақ іске арналған отырыс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар