Бокс
1 мин оқу 590
Париж-2024: Қазақстан боксшылары ширек финалдарда шайқасады
<p style="text-align: justify;">Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінің 1/8 финалдарын жеңіспен аяқтаған екі боксшымыз енді 1/4 финалдарында шайқасады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Назым Қызайбай (50 келі) 1/8 финалда ұлыбританиялық Саванна Стублейден 5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға өтті.
1/8 финалында Валентина Хальзова (75 келі) моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатармен жұдырықтасып, қарсыласынан 5:0 көрсеткішімен ұтты.
27 жастағы Валентина Хальзова 2016 жылы әлем чемпионы атанып, 2022, 2023 жылдардағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Ал 2017 жылы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алған.
Бөлісу: