Маусым айының басында аптап ыстық болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің болжауынша, маусым айының басында елімізде 40 градусқа дейін күн ысиды. Әсіресе, бұл Қазақстанның оңтүстігі мен батыс өңіріне қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

2024 жылғы 4-6 маусымға арналған болжамға сәйкес, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.
Метеорологтар атап өткендей, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жауып, екпінді желмен бірге найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Сондай-ақ Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілетіні айтылған. Мәселен, республиканың батысында +30+39 °C дейін, солтүстік-батыста +25+35 °С дейін, солтүстікте +23+30 °С, Республиканың орталығында және шығысында +25+33 °C дейін, оңтүстігінде +35+40 °С дейін, оңтүстік-шығыста +28+35 °C дейін ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.