Президент
1 мин оқу 190

Президент Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасын қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты.

Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.

Қасым-Жомарт көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.

Бөлісу:
Президент Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасын қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар