Қазақстан
1 мин оқу 162

Жас математиктер білім бәйгесінде биіктен көрінді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Тәжікстан елдерінің 135 оқушысы арасында Ташкентте Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Жас математиктер білім бәйгесінде биіктен көрінді

Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс, 1 қола, барлығы 4 медаль жеңіп алды:

  • Шерхан Жақсылық – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Орынбасар Бердібек – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Темірлан Әбішев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Естеріңізге салайық, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс медальді еншілеген.

Бөлісу:
Жас математиктер білім бәйгесінде биіктен көрінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар