Оқиға
1 мин оқу 123

Оралдағы әк зауытында жұмысшы көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Оралдағы әк зауытында жазатайым оқиға болып, жұмысшы көз жұмды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оралдағы әк зауытында жұмысшы көз жұмды

27 мамыр түні сағат 02:45-те вагондарды тасымалдаушы автоматты қалаушыға қысылып қалған. 20 минутта ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген 1973 жылы туған ер адам аман қалмады.

«ҚР Еңбек кодексінің 188-бабы 4-тармағы талаптарына сәйкес, 28 мамыр күні жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізу үшін комиссия құру туралы бұйрық шығарылды. Еңбек инспекторы оқиға орнына барып, фото-видео фиксация жасады. Басқарма арнайы тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды алды», деп мәлімдеді БҚО еңбек инспекциясы басқармасы.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Оралдағы әк зауытында жұмысшы көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар