«Оқу ақысын төлемеген». Студент қыз өз әкесін сотқа берді
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толған қыз өзінің оқу кезеңінде әкесінен алимент өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Студент қыз 2024 жылдың қаңтарында 18 жасқа толды. Осыған байланысты әкесінің алименттік міндеттемелері тоқтатылды», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы соттарының баспасөз қызметі.
Колледжде оқитын студент қыздың оқу ақысы – жылына 250 000 теңге. Әкесі талап қоюшыға оқу кезінде өз еркімен материалдық көмек көрсетпейді.
«Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толған, бірақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын 21 жасқа дейінгі балаларына, күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 138б. 2б. сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынады. Талап қоюшы осы құқығын пайдаланып, сотқа жауапкерден оны күтіп-бағу үшін белгіленген ақшалай алимент өндіру туралы арызбен жүгінді», делінген ақпаратта.
Сот отырысында тараптар келісімге келді. Дау медиация тәртібімен реттелді.