Өнер
2 мин оқу 134

Өнерлі өрендер

<p style="text-align: justify;">Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ел астанасында рес&shy;пуб&shy;&shy;ли&shy;&shy;ка&shy;лық алғашқы &laquo;Aiala&raquo; арт-экофестивалінің ашылу салтанаты өт&shy;&shy;ті. Фестиваль еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқу&shy;шы&shy;ларға өнер&shy; арқылы қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге мүм&shy;кіндік бе&shy;ре&shy;ді.&shy;</p>

Өнерлі өрендер

Өңірлерден 36 адам ірік­те­­ліп, ақтық сынға жолдама алды. «Бей­нелеу өне­рі»,­ «Пер­фо­­манс», «Видео түсіру» «Сән­дік-қол­дан­­балы өнер», «Музыка және поэ­­зия», «Арт-пер­фоманс» аталымдары бойын­ша алты жеңімпаз 1 миллион тең­гелік сертификат иеге­рі атанды.­ Атап айтсақ, Айболат Нұ­рыл­лаев, Нұр­­жігіт Науханбаев, Анеля Саты­бал­­диева, Регина Земли­ханова, Аяна Ра­қым­жанова, Арман Латы­паев жүз­ден жүйрік шықты.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – эко­ло­гиялық құндылықтар қа­лып­­тас­­тыру, балаларды эколо­гия­­лық тұрғыдан тәрбиелеу. «Aiala» эко­фестивалі Мемлекет бас­шы­сының тап­сырмасы бойынша өткізілді. Бүгін – балаларды қорғау күні. Бұл тамаша іс-шара экология саласында жұмыс істейтін барлық ірі үкіметтік емес ұйымдарды және олар конкурсқа қатысқан шығармашыл балалардың басын қосты. Аталған бастама алда­ғы­­ жылдарда да жалғасын табады деп­ үміттенеміз. Бұл – балаларға эко­ло­гиялық тәрбие беруге мүмкіндік бе­ретін қадам», деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

и

Айта кетейік, елімізде бұл жоба алғаш рет креативті индустрия, балалар мен экологияны тоғыстырған ортақ алаңға айналып отыр.

«Бір ай бойы біз еліміздің түкпір-түк­пірінен шығармашыл дарынды ба­лалар арасында конкурс өткіздік. Эко­­­логия тақырыбы бойынша 250-ден­ астам өтінім қаралды. Біз жас­тар­­ғ­а шы­ғар­машылық арқылы қор­­ша­­ған ор­таға қамқорлық жасап, өз сезім­де­рін білдіруге мүмкіндік беру өте ма­­ңыз­ды деп санаймыз», деді Лима Диас.­

Фестивальға келушілер сурет­шілердің қолынан шыққан «5 эле­­мент» инсталляциясымен­ танысты. Онда ауа, су, от, жер эле­­мент­тері бір шеңберге бірік­ті­рілген. Ортадағы айнадан жа­сал­ған жүрек адамның өзіне әрі айналасындағыларға деген сүйіс­пен­шілікті білдіреді. Туынды таби­ғат пен адамның тұтастығы мен үйле­сім­ділігінің рәмізіндей. Осы­лайша, авторлар көпшілікті таби­ғатты аялауға шақырып, еліміз­дің экологиялық проблемаларына назар аударғысы келді.

Сондай-ақ фестиваль аясында киіз ба­су, кескіндеме, қаржылық сауат­ты­лық және макулатурадан панно жасау бо­йынша шеберлік сыныптары өтті.

Айта кетейік, «Aiala» арт-эко­фес­­­­тивалін Мәдениет және ақпарат ­ми­нис­тр­лігі мен «Азаматтық бастама­ларды қолдау орталығы» КеАҚ ұйым­дас­тырып отыр. Іс-шараға «Халық» қайы­рымдылық қоры демеушілік көрсеткен. 

Бөлісу:
Өнерлі өрендер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар