Әлем
1 мин оқу 150

Корея кітапханасына сыйлық

<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяның Орталық мемле&shy;кет&shy;тік кітапханасының қоры қазақша кітап&shy;тар&shy;мен толықты. Рухани мұра&shy;ларды елі&shy;міз&shy;дің Кореядағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрғали Арыстанов табыс етті.</p>

Корея кітапханасына сыйлық

Енді жергілікті оқырмандар хакім Абай шығармашылығымен танысып, Қаныш Сәтбаев туралы мағлұматқа қанығып, Қазақс­тан тарихын, мәдениеті мен өнерін, сондай-ақ Президент қызметі туралы тереңірек біле алады.

Аталған кітапханада 14 миллион 250 мың­нан астам кітап пен 19 миллионнан астам цифрланған материал сақталған. Ондағы мамандар кітапхана ісіне жаңа технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісуге дайын.

«Делегациялармен алмасуға келістік. Жақын арада кітапхана мамандары деле­гация жіберіп, Қазақстандағы әріптес­терімен өздерінің озық технологияларымен бөлісетін болады. Одан кейін біздің кітапханашыларға осы жерде тренингтер өткізіп, маман даярлауға да өз ниет­терін білдіріп отыр», дейді Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және өкі­летті елшісі Нұрғали Арыстанов.

Бөлісу:
Корея кітапханасына сыйлық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар