Елорда
1 мин оқу 130
Астанада түнде қатынайтын қоғамдық автобустар іске қосылады
<p style="text-align: justify;">Астанада жолаушылар тасымалымен айналысатын «City Transportation systems» ЖШС жаздың басталуына орай қалада автобустар түнгі уақытта да қатынайтынын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаз мезгілінде елордада қатынау оңай әрі қолжетімді болу үшін компания түнгі автобус бағдарларын іске қосады.
Осы мақсатта № 201, 202, 203 автобустар сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады.
Бағдарлардың қозғалыс сызбасы, жүру кестесі туралы толық ақпарат таяу уақытта жарияланады.
Бөлісу: