Қоғам
1 мин оқу 110

Ас мәзіріне арналған апталық

<p style="text-align: justify;">Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоғанның қол&shy;дауымен жыл сайын &laquo;Көп ғасырлық тал&shy;ғамдардың то&shy;ғысқан жері: Жеті өңірдегі түрік асханасы&raquo; атты ап&shy;талық өтеді. Соның аясында еліміздің бірқатар өңі&shy;рінде де түрік асханасы ұйым&shy;дас&shy;тырылды.</p>

Ас мәзіріне арналған апталық

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұй­ым­­дас­тыруымен түрік ас­ха­на­сының тамаша үлгілері мен Эгей ай­­мағының тағамдары таныстырыл­ды. Мерекелік іс-шара аясында Ас­танадағы шетелдік миссия өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар елімізге келген атақты түрік аспазы Үміт Каракуштың ас мәзірімен танысып, тіл үйіретін тәт­тілерінен ауыз тиді. Түркия елшісі Мұстафа Капуджу келушілерге көне түрік асханасының дәстүрі мен құ­рамын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, Анадолының ерекше дәмдерін таныстыру үшін дүние жүзінде іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ Эгей аймағының ерекше зәйтүн майлары таныстырылып, қонақтарға артишок жүректері, қуырылған шөптер, асшаян қо­сылған фава, сегізаяқ, қаңылтыр, пісірілген теңіз басы, қабырғалар және алмұрт пудингі секілді түрлі мәзір ұсынылды.

Бөлісу:
Ас мәзіріне арналған апталық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар