Қоғам
1 мин оқу 90

Әулиеатадағы елшілдер форумы

<p style="text-align: justify;">Әулиеатада Мемлекеттік рәміздер күні &laquo;Туған жерім &ndash; Қазақстаным!&raquo; тақырыбында патриоттар форумы ұйым&shy;дас&shy;тырылды. Қала тұрғындары, жергілікті атқамінер аза&shy;маттар қатысқан форумда Мемлекеттік гимн шыр&shy;қа&shy;лып, елдігіміздің айнасы &ndash; көк байрақ көкте желбіреді.</p>

Әулиеатадағы елшілдер форумы

Елдігіміздің басты ныша­нына айналған Мем­лекеттік рәміздер күні­не орайластырылған іс-шарада өңір басшысы Ербол Қарашөкеев сөз алып, жамбыл­дық әлеуметті құттық­тады.

«Мемлекеттік рәміздер – елді­гіміздің біртұтастығын бей­не­лейтін басты мақтаны­шымыз. Азаттық жылдарында еліміздің бойтұмарына айналған рәміздерді қадірлеу, құрметтеу – жастың да, жасамыстың да қасиетті борышы.

Рәміздеріміз арқылы біз тату­лық туын бәрінен биік қой­­ған ел екенімізді төрткүл дүниеге дәлелдеп жүрміз. Жыл са­йын дәстүрлі түрде ұйым­дас­ты­рылатын патриоттар форумы биыл қасиет дарып, құт қонған Жамбыл облысының 85 жыл­ды­ғымен тұспа-тұс келіп тұр. Өңірімізде ұйымдастырылған іс-шара облысымыздағы татулық пен тұрақтылықты, бірлігімізді әрмен қарай нығайта беретініне сенім мол. Тәуелсіздігіміз мәң­гілік баянды, Мемлекеттік рә­міздеріміздің мәртебесі әр­қашан асқақ болсын», деді Е.Қарашөкеев.

Іс-шара барысында өңірде патриотизмді нығайтуға, облыс­тың қоғамдық-саяси өмірінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар мен бейбіт күннің батырлары атанған тұрғындар өңір басшысының қолынан Құрмет грамотасы мен Алғысхат алды.

Форум аясында ұйымдас­тырылған концерттік бағдар­ла­маға белсене қатысқан Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары рухты оятатын патриоттық әндерді шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Рәміздер күніне орай өңірдің барлық ауданында түрлі фор­маттағы іс-шаралар өткізілді.

Тараз 

Бөлісу:
Әулиеатадағы елшілдер форумы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар