Су саласында бірқатар маманның жалақысы өсті
<p style="text-align: justify;">1 мамырдан бастап «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті. Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлығы ұлғайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Еске салайық, осы жылдың 1 қаңтарынан айлықтары тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының еңбекақылары орта есеппен 23%-ға көтерілген еді. Нәтижесінде, кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ының айлығы ұлғайған. Бұл арналар арқылы суармалы су жеткізуді қамтамасыз ететін мамандар.
«Министрлік кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Мәселен, «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы республикалық бюджеттен және тариф есебінен де кезең-кезеңімен ұлғайып отыр. Бұдан бөлек, саладағы мамандар біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Биыл 450 маман арнайы курстардан өтуі тиіс», деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.