ANTIKOR
1 мин оқу 200

Алматыда Спорт басқармасы «жалған жұмысшыларға» ақша төлеп келген

<p style="text-align: justify;">Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Алматы қалалық Спорт басқармасының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда Спорт басқармасы «жалған жұмысшыларға» ақша төлеп келген

Спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлері 56 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру бойынша күдікке ілінді. Олар бұл әрекетін іс жүзінде қызмет етпеген «жалған жұмысшыларға» жалақы есептеу арқылы жүзеге асырып келген.

«Бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету фактісі бойынша Алматы қалалық Спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», делінген ANTIKOR хабарламасында.

Бөлісу:
Алматыда Спорт басқармасы «жалған жұмысшыларға» ақша төлеп келген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар