Қазақстан
1 мин оқу 144

Қазақстан десантшылары «Ирбис-2024» оқу-жаттығуына қатысып жатыр

<p style="text-align: justify;">Екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар Қазақстан мен Тәжікстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатыр. Іс-қимылдар &laquo;Магоб&raquo; оқу орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстан десантшылары «Ирбис-2024» оқу-жаттығуына қатысып жатыр

Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен қабылдаушы тараптың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері таулы жерлерде оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін пысықтайды.

1

«Бірлескен оқу-жаттығуды өткізу туралы шешім осы жылдың сәуір айында Душанбеде өткен штабтық келіссөздерде қабылданған еді. Кездесуде тараптар Орталық Азия өңіріндегі террористік және діни-экстремистік ұйымдардың қызметіне байланысты әскери-саяси жағдайды, қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді талқылады. Осыған сәйкес оқу-жаттығудың мазмұны әзірленіп, таулы жерде ұрыс жүргізу тәсілдері моделденді», деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрілігінің өкілдері.

Оқу-жаттығуларды өткізу мақсаты - бөлімшелердің далалық дағдыларын жетілдіру, таулы жерде арнайы іс-шараларды орындау кезінде командирлердің бөлімшелерді басқаруда тәжірибе алуы, сондай-ақ екі ел Қарулы күштерінің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу.

Айта кетейік, оқу-жаттығу 9 маусымға дейін өтеді.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу: